0:00 / 0:00
Оралда алғаш рет байдаркамен каноэ есуден республикалық турнир өтуде. Дүбірлі доданың ашылу рәсіміне БҚО әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, БҚО спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева мен спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Асқар Есімов арнайы қатысты. Байдаркамен каноэ есуден федерация кубогы елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Спорттық сайысқа Алматы, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан сынды облыстардан 5 команда бақ сынасуда. Ал аталмыш сайыс төрт күнге жалғасып, турнирде үздік танылғандар марапатталған.