Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Апатты үйлер сүрілді

c 14:12, 13/11/2018 c 641

0:00 / 0:00

2015 жылдан бастап облыс аумағында мемлекеттік жекеменшік бағдарламасы өз жұмысын бастады. Аталмыш бағдарлама үш жақты тарапқа да тиімді болғанымен ерекшеленеді. Мәселен, қазіргі таңда аталмыш бағдарлама құрылыс саласында қарқынды жұмыс жасап тұр. Яғни, апатты деп таныған тұрғын үйлер сүріліп, оның орнына сәулетіне келіскен жаңа тұрғын үйлер бой түзеуде.

Орал қаласы бойынша 43 үй апатты деп танылған. Оларды сүріп, азаматтарды қауіпсіз баспанаға көшіру күн тәртібінен түспейтін мәселе. Қазынадағы қаржыны үнемдеп, бизнес субьектілерінің жұмысын жолға қою мен қосымша жұмыс орындарын ашып, азаматтарға жаңа баспана сыйлауды көздеген мемлекеттік жекеменшік бағдарламасы жұмыс жасауда. Қазіргі таңда осы бағдарламаның аясында 11 тұрғын үй сүріліпті.

Осы бағдарламаның шарапатын көріп отырған жандардың бірі- Надежда Сурова. Кейіпкеріміз жаңа баспанаға қол жеткізген. Бүгінде екі бөлмелі өмір сүріп жатқан Орал қаласының тұрғыны бағдарламаға қатысуды ойлап жүрген жандарға ойланбастан, қорықпастан шешім қабылдауға кеңес береді.

Мемлекеттік жекеменшік серіктестік бағдарламасының аясында салынған тұрғын үйлерге инженерлік желілер, аулаларды абаттандыру мен балалар алаңқайларын салу қалалық әкімдікке жүктелген міндет.

Оператор: Олег Писаренко
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.