Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бағаны қадағалау

c 16:19, 03/05/2019 c 1026

0:00 / 0:00

Өткен жылы табиғи монополия субъектілерінен тариф  құнын өзгертуге  25 өтінім ұсынылған. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында  Табиғи  монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің БҚО департаменті басшысының міндетін атқарушы  Нұрбол Ислямов мәлімдеді. Сонымен қатар бірнеше азық- түлік кәсіпорны бағаны негізссіз өсіргені үшін сотта ісі қаралып жатқан көрінеді. Естеріңізде болса өткен жылдың қыркүйегінде қант бағасы күрт қымбаттап, халық наразылығы туындаған болатын. Осы орайда облыстағы үш кәсіпкерлік субьектесінің ісі департамент тарапынан бақылауға алынып, олардың бқл әрекеттері сотқа жолданған.Сонымен қатар  биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап, Елбасының тапсырмасы шеңберінде,  коммуналдық тарифтер бағасы төмендетілгені аян. Осы орайда баға тұрақтылығын қадағалуы мекеме коммуналдық қызмет көрсетуші кәсіпорындардың жұмысын бақылауға алған. 2018 жылы табиғи монополия субъектілеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 18 іс қозғалса оның  17- сі  Департаментпен, 1 сотпен қаралған. Барлығы 45 884 738 тенге айыппұл салынса, оның ішінде Департаменттің лауазымды тұлғасымен жалпы сомасы 45 413 358 тенге, сотпен  өндірілген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.