0:00 / 0:00
Премьер-Министр көлік-логистика секторына ерекше көңіл бөлу керектігін айтты. Бектенов көлік инфрақұрылымын қолдау мен дамыту үлкен инвестициялар тартуды талап етеді дейді. Бұл орайда Үкімет басшысы Қазақстан темір жолы қызметтерінің тарифтерін қайта қарауды тапсырды. Яғни темір жол бойындағы жүк тасымалы қымбаттауы мүмкін.
Егер жүк тасымалдау тарифі өссе, онда мұның бір шеті көмірге келіп тіреледі. Көмір тасымалдайтын жүк тарифінің өсуі көмір тұтынушыларға келіп тіреледі. Тағы да қара халықтың қалтасы қағылады. Сондай-ақ, министрлер кабинетінде коммуналдық қызметтер үшін тарифтер туралы да сөз қозғалды. Вице-премьер Бозымбаевтың айтуынша бүгініг күні елдегі коммуналдық инфрақұрылымның 90 пайызға жуығы тозған.
Желілердің тозуы Екібастұз және Риддер қалаларында орын алған ірі апаттардан-ақ белгілі болды. Қақаған қыста бұл қалалардың тұрғындары жылусыз қалғанды. Коммуналдық қызметтер құнының ұлғаюы есебінен кәсіпкерлер инженерлік инфрақұрылымдардың тозуын төмендету үшін желілерді жаңартуы тиіс.
Өткен жылдан бастап «Инвестиция орнына тариф» мемлекеттік бағдарламасы күшіне енді.Нәтижесінде тариф 45 пайызға өсті. Су бұру бағасы өсті. Орталық жылыту қызметтерінің құны көтерілді, енді пәтерлерде ыстық батареялар болуы тиімсіз. Сондай-ақ, суық су мен қоқыс шығару бағасы да қымбаттады. Ыстық су қымбаттап кетті. Коммуналдық қызмет түрлеріне бағаның өсуі тұтынушының қалтасына салмақ салып отыр. Бірақ сарапшылар тарифтерді көтеру барлық мәселені шешпейді дейді. Инвестициялық жобалардың орындалуына мемлекеттік бақылау жетіспейді