0:00 / 0:00
Орал қаласында бадминтоннан ел чемпионаты басталды. Спорттық додада 2003 жылы туған және одан кіші жастағы спортшылар бақ сынауда.
Облыс орталығында бадминтоннан жасөспірімдер арасында ел біріншілігі басталды. Аталмыш спорттық сайыс 70-ке жуық спортшының басын қосты. Ұлдар мен қыздардан құралған 8 команда бас жүлде үшін таласып, кім мықтыны өзара анықтамақ.
Сайысқа қатысқан барлық спортшылар тартысты өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінгісі келді.
Жасөспірімдер арасындағы республикалық сайыс жұма күні өз мәресіне жетпек. Осы додада жеңімпаз атанған жас спортшылар күзде Қытайда ұйымдастырылатын халықаралық бадминтон жарысына қатысып, ел намысын қорғамақ.