Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

c 17:38, 27/09/2021 c 1064

0:00 / 0:00

Қазақстан егін шаруашылығы қауіп-қатері бар аймақта орналасқан, сондай-ақ, құрғақшылықтың салдарымен бетпе-бет келіп отыр. Бұл жайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен ұлттар ұйымының Азық-түлік жүйелері жөніндегі саммиттінде айтты. Президенттің айтуынша, Қазақстан  жылына 7 миллион тоннаға дейін бидай экспорттайды. Орын алып отырған проблемаларға қарамастан  майлы дақылдар экспортын 1 миллион тоннадан асырды. Алайда, бұл арқаны кеңге салып отыруға мүмкіндік бермейді. Тоқаев  азық-түлік жүйесі экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан орнықты болуға тиіс, – деп санайды.

Біріккен ұлттар ұйымының жиынында азық-түлік жүйелеріне қатысты мәселе талқыланды. Егін шаруашылығына төнген қауіп, климаттағы өзгеріс, құрғақшылық мәселелері сөз болды. Ақорданың хабарлауынша, қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстанның егін шаруашылығы қауіп-қатері бар аймақта екенін, сондай-ақ құрғақшылықтың салдарымен бетпе-бет келіп отырғанын айтты. Әлем үшін азық-түлік нарығының орнықты дамуына  жағдай жасау маңызды міндеттердің бірі  болып табылады. Жылына 7 миллион тонна бидай экспорттап отыған Қазақстанды биыл орын алған құрғақшылық алаңдатады. Еліміздің су шаруашылығы 40 пайыз көрші елдерден ағып келетін суға тәуелді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ "Жер-су ресурстарын барынша тиімді пайдалану, құнарын арттыру, су үнемдеу технологияларын енгізу және су өткізу жүйелерін цифрландыру жөнінде шаралар қабылдадық. Орнықты азық-түлік жүйелері туралы айтқан кезде көптеген елде су дипломатиясына қатысты мәселелер өзекті екені анық байқалады. Азық-түлік жүйелері жөніндегі проблемалар мен су ресурсын басқару, шекарааралық өзендерді пайдалану мәселелері өзара тығыз байланысты. Мұның барлығы азық-түлік жүйелері туралы келісімдерде көрініс табуы керек"

Президент Қазақстан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын құруға бастамашы болғанын еске салды. Бүгінде  оның құрамында халқының жалпы саны 1,4 миллиардқа жуық 36 ел бар. Осы ұйымға мүше ел ретінде Қазақстан жыл сайын мұқтаж елдерге, оның ішінде Ауған халқына бидай мен ұн жеткізу сияқты қайтарымсыз гуманитарлық көмек көрсетіп келеді деді.  Тоқаев, алдағы уақытта мемлекеттер арасындағы агротехникалық, ғылыми және инновациялық байланыстарды нығайту, сонымен қатар қаржы, инвестиция, көлік және логистика салаларын  ілгерілету қажеттігін ұсынды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ «Саммит аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оны жақсарту, тұрақты ауыл шаруашылығының дамуына ықпал ету сияқты Орнықты дамудың негізгі мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенімдімін».

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.