Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Азық-түлік бағасын бақылау мүмкін бе?

c 16:41, 10/11/2021 c 1265

0:00 / 0:00

Елімізде азық-түлік бағасы ай емес, апта сайын көтеріліп жатыр. Ал жаңа жылдан бастап тағы да қымбатшылықтың болатыны туралы болжам бар. Оның ішінде жұмыртқаның бір данасы жетпіс теңге болуы мүмкін. Себебі 2022 жылы әр жұмыртқаға 3 теңгеден берілетін субсидия мүлде алынып тасталуы ықтимал. Ал әзірге облыста тұрақтандыру қоры есебінен "Ел ырысы" дүгіршектерінде еттің келісі 1470 теңгеден сатылуда.«Ақжайық» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Мейірбек Нұркеннің айтуынша, биыл 208 тонна қарақұмық, 15 тонна макарон, 29 тонна күнбағыс майы, 400 тонна 1-сұрыпты ұн, 3 тоннаға жуық құс еті, 120 тоннадан астам күріш, 193 тонна қант, 5 тонна тұз тұрақтандыру қорына өткізілген. Бұл өнімдер кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жұмысын бастаған 10 «Ел ырысы» дүңгіршегінде саудаға шығарылған. Бұдан бөлек сиырдың жауырын, төс еті де тұрақтандыру қоры арқылы тиімді бағаға тұрғындарға ұсынылуда.Қазір дүңгіршектер жұмыс істеп тұр. Ондағы бағалар бекітілген. Тұз - 42, қант - 276, құс еті - 630, «Белес» тазартылған күнбағыс майы - 682, макарон 194 теңгеден сатылуда. Бұл әлеуметтік азық-түлік түрлерін күнкөрісі төмен тұрғындар пайдаланады. Егер күнделікті тұтынатын өнім түрлерінің бағасы негізсіз өсетін болса, бұл жағдай халықтың жағдайына, көңіл-күйіне әсер етпей қоймайды. Сатушылар аталмыш жүйе халық үшін өте тиімді дейді. Әйтседе тамақ бағасы күн санап шарықтап барады. Негізінен бұл салада жұмыс жасайтын кәсіпкерлер тамақ құнының күрт өсуіне бірнеше себеп бар екенін айтады. Ең негізгісі- біз күнделікті тұтынатын өнімдердің дені және олардың құрамына енетін шикізаттар өз елімізде өндірілмейді. Яғни импортқа тәуелдіміз. Шет елден келітін шикізат бағасы доллармен есептеледі. Сәйкесінше АҚШ доллары аптасына бірнеше мәрте қымбаттайды. Оған қоса бірқатар ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортқа шығуы жергілікті бизнесмендер жұмысына одан әрі кедергі келтіруде. Жанар- жағармайдың күрт көтерілуі, мемлекеттен бөлінетін субсидияның мардымсыздығы мен коммуналдық төлемдердің шарықтауы бағаның өсуінің негізгі себебі болып табылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.