Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Азық-түлік бағасы шарықтап барады

c 19:32, 26/07/2018 c 664

0:00 / 0:00

БҚО статистика басқармасының хабарлауынша, тауарлар мен қызметтер бағасының 2 жарым пайызға қымбаттағаны аңғарылып отыр. Әсіресе құмшекер мен макарон бағасының өсімі ауқымды екені анықталған. Бұған не себеп? Арна тілшілері азық-түліктің базардағы бағаларын өз көздерімен көріп, біліп қайтты.

Қымбатшылық шарпымаған қызмет түрі мен азық-түлік, тауар өнімі қалмаған шығар. Биыл 6 айда тұтыну нарығындағы тауарлар мен қызметтер бағасы 2 жарым пайызға өсті дейді статистика басқармасының мамандар.

Дегенмен тұрғындар өз есептері бойынша бағалардың өсімі бұдан әлдеқайда жоғарырақ деп санайды. Базар аралауға келіп, беттерін шымшып, кері қайтатын зейнеткерлер ақшамызды қайда жеткіземіз деген сұрақтарына жауап таппай жүр.

Бұл орайда тұтынушылар бар өштерін сатушылардан алса, саудагерлер өз уәждерін жеткізіп қалуға тырысады.

Саттықта бәрінен бұрын құмшекердің бағасы шарықтап кеткен. Бұған жеміс жидектер тосабын дайындайтын науқанда сұраныстың күрт артуы әсерін тигізсе керек. Сондай-ақ макарон, теңіз өнімдері мен ет те қымбаттапты. Керісінше шәй мен мен қарақұмық арзандапты. Қауынның келісін 80 теңгеден, қарбыз 70, қиярды 80 теңгеден сатып алуға болады. Билік бағаларды тұрақтандыру үшін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуді көздеп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.