0:00 / 0:00
Тағы да баға шарықтады. Ағымдағы жылдың он бір айының қорытындысы бойынша республиканың бес өңірінде азық-түлік 15 пайызға қымбаттаған. Онымен қоса, Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) жаңа талаптардың күшіне енуіне байланысты Қазақстанда ет пен нан қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы бүгін өткен үкімет отырысында айтылды.
Онсыз да бағасы күйіп тұрған ет тағы қымбаттайды. Базарлардағы жылқы етінің келісі 2500-ге жетсе, сиыр еті -1900-ден, қойдың еті 2000 тг сатылауда. Үкімет отырысында баяға саясатын талқылау барысында, Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаевтың берген мәліметі бойынша, Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО-да) жаңа талаптарды енгізу аясында азық-түліктің кейбір түрлеріне баға өседі. Атап айтсақ, дәнді-дақылдар мен сүт өнімдері бағасы артады. Соның нәтижесінде ет пен нан қымбаттауы мүмкін. Ұлттық экономика министрілігінің де мәліметі де көңіл қоншытпайд. Ағымдағы жыл қортындысы бойынша елде азық-түлік айтарлықтай қымбаттаған. Әсіресе 5 өңірде баға 15 пайызға өскен.
Руслан Дәленов – ҚР ұлттық экономика министрі; «Бағаның ең көп өсуі Алматы (15,2%-ке), Атырау (14,9%-ке), Нұр-Сұлтан (14,2%-ке), Қарағанды (13,7%-ке), Қостанай (13,6%-ке) және Жезқазған (13,4%-ке) қалаларында байқалды».
Өздеріңізге мәлім жаңа жылдан бастап бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысы өсіп отыр. Көпбалалы отбасыларға жаңадан жәрдемақы берілмек. Ал жалақы мен зейнетақы өссе бағаның шарықтауы дәстүрлі үрдіске айналған. Үкімет мүшелері бұл жағдайда баға тұрақтылығын ұстай алмай отырған әкімдерді кіналайды.
Бақыт Сұлтанов – ҚР сауда және интеграция министрі; «Жыл басынан бері 66 позиция бойынша баға 15%-тен көп өскен. Бірде бір жағдайда тиісті міндеттемелер орындалмағанын көріп отырмыз. Бұл туралы жергілікті атқарушы органдарға өткен айда да айтылды, жауапқа тартылды. Бірақ нәтиже жоқ».
Сауда министрінің айтуынша,жергілікті атқарушы органдарда азық-түлік бағасын ұстап тұратын барлық тетік бар. Өкінішке орай жұмыс дұрыс жүрзілмей отыр. Министрлік талай рет ескерту жасаған, жауапқа тартқан. Бірақ құлақ асар жан жоқ.
Енді Сұлтанов жылдың аяқталуына жарты ай қалғанда тиісті тапсырмалар беріліп, шаралар қабылдаймыз дейді. Одан баға қымбатшылығының ауыртпашылығын көретін халыққа келіп-кетер пайда жоқ.