0:00 / 0:00
Соңғы уақытта елімізде төл теңгеміздің құлдырауы мен Қытайдан басталған COVІD - 19 дертінің таралуына орай, базарлар мен азық-түлік дүкендерінде ұн, май және қант және картоп бағалары күрт шарықтап кетті. Тіпті, кәдуілгі қантты саттықта таппай жатқандарын айтқандардың да саны аз емес. Азық-түлік бағасын тұрақтаныдыру жолында қала әкімдігі мен тиісті мемлекеттік органдар рейдтік шараларын бастап кетті. Бұл тексерудің мақсаты: азық-түлік бағасын анықтау, жүйеге келтіру, тұтынушылардың құқығын қорғау. Рейдті ұйымдастырушылар орталық базар маңында саттыққа шыққан азық-түлік бағаларының қазіргі ахуалын тексерді. Мұнда басымдық әлеуметтік маңызы жоғары 19 азық-түлік түріне беріліп отыр. Өйткені аталған азық-түлік өнімдері әкімдіктің бақылауына әуелден алынып келеді. Дегенмен елдегі жағдайды желеу етіп, бағаны негізсіз қымбаттатып жіберген дүкендер де жоқ емес. Мәселен, сатушылардың бірі картопты 150-170 теңгеден кешелі бері саудалап келсе, күнбағыс майы да 2 мың теңгеден әрі асады. Ал кәдуілгі қант саттықта атымен жоқ. Әкімдік қызметкерлері бас сұққан бойда, тауар бағасы өзгере салды. Тұтынушылар да бұны қынжыла айтуда. Биыл өңірлегі тұрақтандыру қорына жауапты «Ақжайық» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына 350 миллион теңге бөлінгендігін айта кеткен жөн. Аталған мекеме
әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағаларының тұрақты болуына жәрдемдеспек. Десе де базардағы азық-түлік өнімдері жеткілікті. Мемлекет басшысының өзі сала басшыларына уақытша жағдайды пайдаланып, азық-түлік бағасын негізсіз көтеріп жіберген кәсіпорындар мен сауда орталықтарына қатысты қатаң шара қолдануды қадап тапсырды. Осы ретте, қалалық әкімдік бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі департамент өкілдерімен осындай қарқында рейдтік шараларын жалғастыра бермек.