Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Азық-түлік бағасы аспандап барады

c 08:39, 06/08/2019 c 771

Өңірімізге жауаптылар қадағалауға тиіс негізгі тауарларға жататын азық-түлік бағасының шарықтауы жауыр тақырыпқа айналғаны қашан. Биылғы жылдың жарты жылдығында өндіріс тауарларының индексі - 100,6 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткіш қақталған шұжықтан бастап, алькоголь, балық пен теңіз өңімдері бағасының шарықтауына әсерін тигізсе керек.

Биылғы жылдың қаңтар мен шілде айы аралығында өндірістік тауарлар 6,1 пайызға көтерілген. Айталық, кондитерлік өнімдер 2,2% , сүт өнімдері - 4,3 %,ет пенқұс еті 5,6%, алькогольсіз сусындар - 5,8%, алькоголь өнімдері мен темекі өнімдері% , балық және теңіз өнімдері 7,5 %, макарон өнімдері - 8,2%, ұн - 14,9%, нан 16,4%, күріш - 23,1% -ға қымбаттап отыр. Ал, қант6,7% , жұмыртқа 20,8 % арзандағанын айта кеткен жөн, - деп айтты БҚО Статистика департаментінің Баға статистикасы басқармасының басшысысы Райхан Хайруллина.

Қазір қала базарларында ет бағасының көтерілуі ерекше білініп тұр. Саудагерлер еттің төмен түспеуі мал азығының қыбаттауымен байланыстырады.Жаз мезгілінің соңғы айына қарамастан , көкөніс бағасының түсуі көңіл қуантпайды. Айталық, күнделкті дастархан басынан табылып жүрген сәбіз, пияздың құны аспандап тұр. Ал, қызанақ пен қиярдың құны маусымына қарай ыңғайласқан. Базар нарығына еті үйренген тұрғындар, "атаулы мәселеге бей-жай қарайтындарын" , -атап өтті.

Қымбатшылық жайлаған қоғамда, қала халқы үшін ең арзаны жұмыртқа мен қант қана. Қалған азық түліктің бағасы шарықтап тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.