Бурабай қаласында өткен қол күресінен жасөспірімдер мен жастар және қыздар арасындағы Азия Чемпионатында батысқазақстандық спортшылар 5 алтын, 1 күміс және екі қола медаль иеленді. . Командалық есепте Қазақстан Республикасы 1 орын, Өзбекстан елі 2 орын алды, ал Қырғызстан 3 орынға ие болды. Дүбірлі додада 12 мемлекеттің спортшылары күш сынасқан. Сайыста мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өңірімізден 6 спортшы қатысып, олар да үздіктер қатарынан көрінді. Сурдолимпиадалық қол күресінен Ақтоты Мәлік, Жиенбек Ошанов және Есеней Жақыпов 1 орынға ие болса, ал Орынбасар Сариев 3 орынға жайғасқан. Паралимпиадалық қол күресінен алтын медаль иеленген Азон Шаймарданов болса, "Азия чемпионы" атанды.