Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ажырасқандардың саны артып отыр

c 14:35, 17/08/2018 c 770

0:00 / 0:00

2018 жылдың 7 айында қала аумағында 728 жанұяның шаңырағы шайқалып, ерлі-зайыптылар ажырасқан. Бұл туралы қалалық ахаж бөлімінің мамандары хабарлап отыр. Ажырасқандардың саны жыл санып өсіп келеді. Өткен жылғы дерекке көз жүгіртсек, Батыс Қазақстандық 2500 жұп некеге тұрған. Алайда, 2017 жылы өңіріміздегі 1100-ден астам жанұяның шаңырағы шайқалып, ерлі-зайыптылар ажырасқандардың санын толықтырып отыр. Сала мамандары ажырасу фактілері жыл санап артып келеді дегенді айтып отыр.

Қала тұрғындарынан неліктеназаматтар ұйып отырған шаңырақтарынан бас тартып, ажырасқандардың санын артырып отыр деген сауал тасқаған едік. Біз сұрастырған азаматтардың пікірі алуан түрлі болды.

Халық арасында некенің бұзылуына әлеуметтік жағдай әсер етеді деген пікірді жиі естіп жатамыз. Мемлекет әлеуметтік жағдайы ақсап тұрған отбасылар үшін қандай көмек көрсетеді деген сауал ойға еріксіз келетіндігі сөзсіз. Биылғы жылдың өзінде халықты жұмыспен қамту орталығы 545 отбасыға арнайы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындапты. Аталмыш жанұялар жалпы құны 51 млн теңгедей болатын өтемақы алған.

Психологтар болса, азаматтар некесін бұзып, ажыраспауы үшін ең алдымен барлығын ақылға салып ойлануға кеңес береді. Сондай-ақ, сала мамандары жастардың қарым-қатынасына үлкендердің араласпағаны дұрыс деген пікірін де алға тартып отыр.

Отбасы- бұл шағын мемлекет. Аталмыш мемлекеттің гүлденуі үшін барша тараптың жұмыстануы керек. Алайда, отау құрам деген азаматтар бір кезек жоғарыда айтылған психологтың кеңесіне құлақ асуы керек сияқты. Ойланбай жасаған қадамыңыз, бірнеше тағдырдың тәлкегіне алып кетуі де ықтимал. Ең сорақысы, бұндай қоғамның трагедиясынан бейкүнә перзент зардап шегіп, бақытты балалыққа балта шабылмақ.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.