0:00 / 0:00
Ақжайық өлкесіне келген жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Азат Перуашев қалалық көпбейінді аурухананың жұмысымен танысты. Адамдардың өміріне араша болып жүрген ақ халатты абзал жандармен кездескен мәжілісмен 5-ші маусымда өтетін референдум туралы айтып, дәрігерлердің сұрақтарына жауап берді.
Жиын барысында бюджетті жұмсау мәселесі енді жіті назарда болатыны айтылды. Мәжіліспен референдумнан соң түбегейлі өзгерістер болады дейді. Жаңашылдыққа сәйкес президент пен әкімдер қандай да бір партияның сапында болмайды.
Қалалық көпбейінді ауруханада өткен кездесу барысында дәрігерлер мәжілісменге толғандырған сауалдарын жолдады. Ақ халатты жандар дәрігерлердің мәртебесіне алаңдаулы. Олар қазіргі таңда дәрігерлер әлеуметтік желілер мен түрлі арыз-шағым негізінде көп қысым көретініндерін жасырмайды.
Мәжіліс депутаты пандемия кезінде дәрігерлердің мәртебесі туралы депутаттық сауал жолдағанын хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, референдум маусымның алғашқы жексенбісінде өтеді. Осы референдум арқылы конституциямызға бірқатар елеулі өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.