0:00 / 0:00
Облыста азаптау фактілері тыйылар емес. Прокурорлардың келтірген дерегіне сүйенсек, облыста адамды азаптау дерегі бойынша 50 факті тіркеліпті. Әлі күнге дейін күдікті деп танылған азаматтарды ұзақ уақыт бойы кабинетте ұстап, ұрып-соғып, туыстарын қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деген қысым жасалатын көрінеді. Бүгінгі таңда қылмыстық атқару жүйесінің 4 қызметкеріне қатысты іс қозғалыпты.
Қазіргі таңда құқық қорғау органдарына қарасты барлық дерлік мекемелерде бейнебақылау құрылғылары орнатылуда. Десек те, осы құрылғылардың керек кезде түрлі себеппен өшіп қалатынын айтып налиды қорғаушылар. Қыруар қаржы бөліп сатып алып, орнататын камералардың істен шығуына түрлі жағдай себеп болатын көрінеді. Жиынға қатысқан адвокаттар қаңтар оқиғасына қатысты азаматтардың тергелген уақытта жарақатпен қабылдау бөліміне барып қаралғаны туралы бейнежазба арнайы серверде жазылмай қалғанын айтты.
Өркениетті елдерде адамды азаптамақ тұрмақ, оның құқығын бұзғанды құптамайды. Өткен ғасырдың 48 жылы Біріккен ұлттар ұйымы құрылды. Осы ұйым адам құқығының қорғалуын көздейді. Егемендік алған жылдары еліміз де осы халықаралық ұйымның бір мүшесі атанды. Енді осы ұйымның алғышарттарын орындау үшін әр азаматтың құқығын қызғыштай қорғауы шарт.