0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысының прокуроры Жандос Өміралиев азаматтарды бірыңғай қабылдау шарасы барысында облыс тұрғындарын қабылдады. Түске дейін бас прокурордың қабылдауында 9 азамат болған. Қабылдауда болған азаматтар қылмыстық істердің қысқаруы, сот актілерінің орындалуы мен еңбек қатынастары мен тұрғын үй заңнамасынының орындалуында туындайтын мәселелерді айтып, өз сұрақтарын қойған. 2019 жылдың он айында облыс прокуроры Жандос Өміралиев 212 азаматты қабылдапты.