0:00 / 0:00
Халыққа қызмет көрсету орталығында "Халыққа жақын" деген атаумен азаматтарды қабылдау акциясы өтті. Аталмыш акция бұқара халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, қордаланған мәселені шешуге, мемлекеттік қызметтің көрсетер сапасын анықтауға арналған. Сала мамандарының сөзінше, қабылдауға келген азаматтар жер мәселесі, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысында тап болған қиындықтарын айтып, кеңес алыпты.