0:00 / 0:00
Келінін өлтірген күдіктіге прокурор 11 жыл сұрап отыр. Алайда бұл жазаны марқұм Ақерке Қозекешеваның анасы жеңіл санайды. Қелінін аяусыз өлтірген Асылбек Умаровқа жәбірленуші (Ақеркенің анасы) ең ауыр жаза тағайындауды сұрайды. Ал соңғы сөз берілген сотталушы «аз беріңізші» дегеннен басқа ештеңе айта қоймады.
Ауданаралық мамандандырылған сотта Асылбек умаровтың ісінен қатысты кезекті сот отырысы өтті. Сотқа қатысқан марқұм Ақеркенің анасы Бибігүл Ермұханова күйеубаласы мен қызының отбасылық өмірі туралы айтып берді.
Қызының өлімі туралы анасы сәуірдің 9ы күні туыстарынан білген. Отбасындағы кикілжіңнен бейхабар болған жәбірленуші Саят Қозыкешевтың Семейге келіп, баласын ұрлап кеткенін де айтты. Ал ұлын қайтарып алу үшін Ақерке Оралға сәуірдің 6сы келіпті. Жанұядағы ұрыс-керіс те осыдан басталса керек. Бұған дейін прокурор Саят Қозекешев баласымен үйден кеткен бойда Умаров есікті қағып, ішке еніп, әңгімесі жараспаған келінін бетінен жұдырықпен қатты соғып құлатқанын айтты. Артынан тағы да бірнеше рет бас бөлігінен жұдырықтап, тамағынан баумен буындырған. Кейін пышақпен, жүрек тұсына сұғып алыпты.
Прокурор сотталушыға 11 жыл жаза тағайындауды сұрап отыр. Алайда жәбірленуші тарап бұнымен келіспейді. Тіпті, Умаровтың Ақеркені байқаусызда өлтіріп алғанына да сенер емес. Олардың айтуынша, сотталушы пышақты да әдейі өзімен бірге әкелген. Ал жантүршігерлік өлім оқиғасына қатысты сот шешімі шілденің 30ы күні шығады.
Естеріңізге сала кетейік, Оралда келінін өлтірді деп айыпталған күдіктіге қатысты сот отырысы басталған болатын