0:00 / 0:00
"Ақжайық" футбол клубының бапкерлері мен ойыншылары облыс орталығында орналасқан "Самал" туристік лагерінде елдің түкпір-түкпірінен жиналып демалып жатқан жасөспірімдермен жүздесіп, шеберліктерімен бөлісті. Бұндай шаралар болашақта балалардың арасынан ел мақтанышына айналар аяқдопшылардың шығуына өз септігін тигізері сөзсіз. Қазір "Самал" лагерінде еліміздің әр жерінен келген 100-ден астам оқушы демалып жатыр. Алдымен футбол орталығы бапкерлері балақайларға футбол әдіс-тәсілдерін көрсетіп, шеберлік сағатын өткізді. Кейін демалушы балалар команда ойыншыларымен кездесті. Жеткіншектер сүйікті командасының ойыншылармен емен-жарқын әңгіме құрып, футбол ойнады. Сондай-ақ суретке түсіп қолтаңба алды.Бұған дейін "Дарын" қосымша білім беру орталығында демалып жатқан арыстық балаларға қолдау көрсетіп, "Шаңырақ" жасөспірімдер үйіндегі бүлдіршіндерге көмек қолын созған "Ақжайық" футбол клубы алдағы уақытта да қоғамдық-көпшілік шараларға белсенді араласатын болады.Шара соңында футбол орталығының жетекшісі Виктор Каблов демалушыларға клуб атынан доптар мен жаттығу өткізуге қажетті заттарды сыйға тартты.