0:00 / 0:00
COVID-19 вирусын алдын алу мақсатында Орал қаласындағы қоғамдық көліктер дизенфекциялық жұмыстарға кірісті. Енді жүргізушілер әр айналымнан соң, соңғы аялдамаларда автобустарды тазалап отыруға міндетті. Дизенфекциялауға қолғап пен бетпердені айтпағанның өзінде, арнайы жуғыш құралдары беріледі. Негізінен шаһарымыз бен саяжайларға, сондай-ақ қала маңындағы кенттерге 400-ден астам автобус жолаушылар тасымалын жүргізеді. Бұрын мұндай тазалық шаралары автобустар автотұрақтан шыққанда және кешкісін жасалатын. Қазір желідегі автобустар әр айналымнан соң, соңғы аялдамада дезинфекциядан өтеді. Жүргізушілер мен кондукторлар автобус салонына санитарлық тазалау шарасын жүргізіп, арнайы сұйықтықпен өңдейді. Автобустағы бактерияларды өлтіру үшін құрамында хлоры бар СО1 таблеткалары қоланылады. Аталған ерітінді елде шығарылумен қатар, бір таблетка 10 литр ерітінді жасауға қауқарлы көрінеді. Хлор ерітіндісімен жолаушылар ұстап тұратын тұтқа, орындықтар, есік пен терезелерді сүртуге баса назар аударылуда. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты жолаушы тасымалдаушы көліктердің тазалығына үлкен мән беру басты назарда қала бермек.