0:00 / 0:00
Санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес қалааралық автобустардың жүруіне рұқсат берілді. Енді карантин талаптарының жұмсаруына орай жұмысын бір тоқтатып, бір жалғастырып жүрген автовокзал жұмысына қан жүгірмек. Бұрындары Оралдың автовокзалынан жолаушы көліктері 8 бағытқа қатынайтын еді. Қазір рейстердің саны қысқаруына байланысты тек Атырауға ғана автобуспен жетуге болады.
Автовокзал қызметкерлері қазіргі таңда рейстермен қатынайтын жолаушылардың қатары сирегенін айтады. Тіпті, 50-ге жуық жолаушыға арналған автобус тек 10 шақты адамды көрші қалаға тасымалдайды екен. Ал Ақтөбеге қатынайтын рейсті жолаушылардың жоқтығына байланысты мүлдем жауып тастаған.

Бұрындары Оралдың автовокзалынан 8 бағытқа қатынауға болатын еді. Қазір пандемия мен карантин шектеулері және шекараның жабық тұруына байланысты тек ел ішінде қызмет көретуге ғана рұқсат берілген. Осыған дейін көрші елге жолаушыларды тасымалдаған автобустар қаңтарылып бос тұр. Ал темір тұлпарлардың жүргізушілері рейс болмағасын жұмысынан қағылған. Бірі отбасын асырау үшін өзге жұмысқа ауысса, енді бірі автопаркте өзге қызметті атқарып жүр. Халықаралық рейстің болмауынан жолаушылар да зардап шегіп отыр. Себебі ұшақпен ұшуды көпшіліктің қалтасы көтермейтіні жасырын емес.
Автовокзал өкілдері карантин мен пандемияның кесірінен 520 млн. теңгеден астам шығын келгенін айтады.