Оралда "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Екі күннің ішінде 11 қоғамдық көлікте әкімшілік құқық бұзушылық анықталыпты. Полиция қызметкерлері заң бұзған 2 жүргізушінің жауапқа тартылғанын айтады. Бұдан өзге 2 жолаушылар тасымалын ұйымдастырын автопарктың басшылары да жазадан сытылмаған. Құқық қорғаушылар қоғамдық көлікті тізгіндеген жүргізушілерге жолаушылар тасымалы кезінде жол жүру ережелерін сақтауды еске салады.