0:00 / 0:00
Жұлдыз ықшам ауданының тұрғындары қала әкімі Абат Шыныбеков уәде еткен №5 пен №33 қоғамдық көліктің жүруін тағатсыздана күтіп жүр. Осыдан бір ай бұрын тұрғындар шаһар басшысымен кездесіп, мән-жайды айтқан еді. Сол кезде әкім №5 пен 33 маршруттар Жұлдыз ықшам ауданында қатынайды деп мәлімдегені есімізде. Алайда тұрғындар әлі күнге дейін жарты сағаттай жаяу жүріп, аялдамаға зорға жетеді.
Осыдан бір ай бұрын оқушылардың мектепке қатынауында қиындықтар туындап, ата-аналарын шағымын қала әкімі айтқан еді. Сол кезде шаһар басшысы "Проблеманы №5 пен 33 маршруттардың Жұлдыз ықшам ауданына қатынауымен шешеміз"- деп айтқан-ды. Сол оқиғадан соң бір айдай уақыт өтті. Тұрғындар әлі күнге дейін балаларын аялдамаға дейін 30-40 минут жүріп, сол аудандағы мектепке шығарып салады.
Тұрғындар Жұлдызда қоғамдық көлік қатынамағасын оқушылар таңғы 8-дегі сабаққа жиі такси жалдап, жететіндерін жасырмайды.
Уәде еткен қоғамдық көлік қашан қатынайды?- деп тұрғын үй коммуналды шаруашылық мамандарына жолдадық. Жауап мынандай:
Жолдар кеңейтілгесін №5 пен 33 маршруттар қатынамақ. Келісім шарт бойынша 33- маршрутында 24 автобус болуы керек. Алайда қазір 18-і ғана жолаушы тасымалдап жүр. Мамандар бұны жүргізушілердің тапшылығымен түсіндіреді. Жаңа аялдамалар іске қосылғанда аталмыш қоғамдық көліктер жолаушыларды 10 минуттай күтеді екен.
Жұлдыз ықшам ауданындағы жолды кеңейту жұмыстары жоспар бойынша қазанның аяғында аяқталмақ.