0:00 / 0:00
Түнгі сағат 12-лер шамасында Орал қаласының Сарайшық көшесінің бойында "Фольксваген-Венто" көлігі өртенді. Бұл жыл басына бері темір тұлпар салонында тұтанып отырған 20-шы оқиға. Дегенмен төтеншеліктер, биыл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өрттің саны мен келген шығын біраз азайғанын айтып отыр. Тілсіз жаудың құрбаны болғандардың саны былтырғыға қарағанда 50 пайызға төмендеген.