Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ауыз суға зар болған ауыл!

c 00:00, 03/03/2015 c 733

0:00 / 0:00

Шаһарымыздың Деркөл кентіне қарасты, 60 отбасы қоныстанған Новостройка ауылының тұрғындары, қазіргі күнде ішер ауыз суға зар болып отырғандары. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бері, өздері суын ішіп келген қолданыстағы жалғыз құдықтары құзырлы орындардың тексерісінен соң, суын ішуге қатаң тиым салынған. Содан бері ауыл тұрғындары тіпті таңдайға тамызар да таза су таппай, ауыз сусыз қалған. Деркөл ауылдық округінің қарауында орналасқан шаһарымыздан бар болғаны алты шақырым аралығында, 60 ошақ қоныстанған Новостройка ауылында бүгінгі таңда төрт жүзге тарта халық тұрады. Сол халықтың бәрі, ауыл ортасынан өткен ғасырдың 60 жылдары қазылған кәрі құдықтағы, лас қоқыс суды сүзіп ішіп, бірінің іші ауырып, бірінің бауыры ісіп жүргенде, құдықты тексеруге келгендер судың ішуге келмейтінін сапасыздығын анықтағаны. Аймақтық тұтынушылар құқын қорғау департаменті мамандары, шыңыраудаға судың әртүрлі аурулар мен дерт тудыратынына алаңдап, құдық суын қолдануға қатаң тиым салса да ауыл тұрғындары, лас солса да ауыз суды амалсыз тұтынуға мәжбүр. Иә, естігендеріңіздей әкім қаралар мен депутат ағаларға ауылдықтар ауыз су сұрап қанша қақсағанымен, шаруаларының оқсағаны кем. Осы сауалмен, ауыл әкімінің міндетен атқарып отырған, Орал қаласы әкімі аппаратының әкімшілік-аумақтық даму бөлімінің басшысы Губби Шайхыұлынан аталмыш шаруаның шешілу ретін, тіршілік көзінің қашан өткізілетінін сұрағанда, дүдәмалдау жауап алдық. Жаз шықса құс шылап ашық-шашық жататын шыңыраудан, су ішіп жаппай іштері ауырған алты шақырымда жатқан ауылдықтарға, жақын күндері таза ауыз су алып барарға әзірге билік өкілерінің бейілі білінбейді. Ал, ауыз суға сусап отырған 60 ошақ қолда барды қанағат тұтып, ТҚҚД екінші қорытындысын күтіп әзірге бұрынғыша күндерін көрмек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.