Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«АУЫРЫП ҚАЛСАҢ, ТАБЫСЫҢНАН АЙЫРЫЛАСЫҢ»

c 10:07, 16/08/2021 c 699

0:00 / 0:00

Қауіпті індет жайлап жатқан кезде карантин шектеулеріне қатысты жұмыскер үйінде отырса, ол қашықтан жұмыс істей алады. Қашықтан жұмыс істеу еңбек төлеміне әсер етпейді. Егер де оған медициналық анықтама беріліп, жұмысқа уақытша жарамсыз болса, шектеу қолданылады. Ал ол үшін 43 мың теңге ғана төленеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов пандемия жағдайына қатысты ол төлемді ұлғайту мәселесін қарастырып жатырмыз дейді.

Әлемді жайлаған қауіпті індет адамзаттың өміріне түгелдей өзгеріс енгізді. Адамдар карантиндік шектеулер аясында жұмыс істеудің, табыс табудың басқа жолдарына машықтана бастады. Бүгінде елдегі карантиндік шектеулер қатаңдатылған. Қазақстанда ковидтің кең таралуына байланысты бірде-бір жасыл аймақта тұрған өңір жоқ. Індет жұқтырған науқастар саны күнде 7 мыңға жетіп жығылады. Ауруханалар да толық. Үйінде жатып емделіп жатқандар қаншама. Карантинге қатысты онлайн яғни қашықта жұмыс істеп жатқандар көп. Қашықтан жұмыс істеу еңбек төлеміне әсер етпейді. Егер де ол ауырып қалып, оған медициналық анықтама беріліп, жұмысқа уақытша жарамсыз болса, шектеу қолданылады. Яғни жалақысы жүрмей қалады. Ауырып қалғаны үшін берілтен төлем көлемі 43 мың теңгені құрайды. Бұл табысынан айырылып, оған қоса науқастанып қалған жанға дәрі-дәрмегін алуға жетер-жетпес ақша. Көптеген жекеменшік компанияларда ауырып қалғаны үшін мұндай төлем де жасалмайды.Енді еңбек министрлігі еңбекке жарамсыз деп медициналық анықтама берілгендерге төленетін төлем көлемін арттырмақшы.

АҚМӘДИ САРБАСОВ – ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ  ВИЦЕ- МИНИСТРІ «Мәселен, қызметкер ауырып жатса, оған 43 мың теңге көлемінде төлем төленеді. Бұл қызметкердің орташа табысына сай келмейді. Сондықтан біз сарапшылар және серіктестермен қазіргі пандемия жағдайына қатысты ол төлемді ұлғайту мәселесін қарастырып жатырмыз. Ол біздің компаниялардағы еңбек қарым-қатынасы мен елдегі экономикалық жағдайға қатысты болып отыр»

Айта кету керек, еңбек министрлігінің мәліметінше пандемия кезінде елде 4 миллионға жуық адам табысын жоғалтты. Қатаң карантин талаптарына шыдамаған бизнес жабылып, жұмыссыз қалғандар қаншама. Ал еңбек ресурстарын дамыту орталығының басшысы Дәулет Арғындықов елде 203 жұмыспен қамту орталығы жұмыс істеп жатыр. Олар жұмыссыз жүрген азаматтарды еңбекпен қамтуда деген есеп беріп отыр. Мәліметке сенсек, 185 мың адам жұмыспен қамтылыпты. Ал жұмысынан айырылу бойынша төлемді 30 мыңнан астам адам алып отырған көрінеді. Жастар практикасына жіберу, қайта оқыту жұмыстары жүргізілген. Ағымдағы жылы жұмыспен қамту орталықтарына барлығы 432 мың адам жүгінген. Бұл ресми статистика, ал екі қолға бір күрек таба алмай, жұмыссыз сабылып жүрген азаматтар қаншама.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.