Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ауылға интернет

c 19:56, 26/08/2020 c 654

0:00 / 0:00

Цифрлық даму министрлігі жыл соңына дейін 256 адам тұратын барлық ауылды интернетпен қамтуды жоспарлап отыр. Жоба бойынша 46 ауыл қамтылды. 882 ауылға жыл соңына дейін интернет келеді. Осы жылдың аяғына дейін халықтың 99,3 пайызы  кең жолақты интернетпен қамтылады дейді Цифрлық даму министрлігінің комитет басшысы Виталий Ярощенко. Шалғай ауылдарды интернетпен қамту мәселесі онлайн брифингте айтылған еді.

Шалғай ауылдарды интернетпен қамту мәселесі Президенттің жіті бақылауында. Пандемия барысында қашықтықта оқыған оқушылар үшін интернет ауадай қажет болды. Ауыл түгілі қалада отырған оқушылар сапасыз интернеттен біраз қиналғаны да бар. Ал ауыл ұстаздары интернеттің жоқтығынан оқушыларға тиісті білім бере аламй, әуре-сарсаңға түскенді. Індет жайлаған сәтте цифрлы Қазақстанның сүрінген жері осы болды. Тіпті цифрлық дамудың бұрынғы министрі жұмысынан кетті. Бүгінгі брифнгтегі мәліметке сенсек, еліміздің барлық ауылы интернетпен қамтылмақ. 256-тан астам адам тұратын ауылдарды кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету қолға алынған. 46 ауыл қамтылды. 882 ауылға интернет жыл соңында келеді.

Виталий Ярошенко – ҚР цифрлық даму, инновациялар аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникациялар комитетінің төрағасы «Қазіргі таңда кең жолақты интернет желісі 4646 жергілікті аймақта салынды. Елде 6459 жергілікте мекен болса, оның үштен бірі кең жолақты интернетпен қамтылды. Осы аймақтарда 18,2 млн адам тұрады. Бұл халықтың 98,3 пайызын құрап отыр. Біздің ведомство мұнымен тоқтамайды. Жыл соңына дейін 256 адам тұратын барлық ауылды интернетпен қамту жоспарланған. Қазір 882 ауылда интернет жоқ»

Ағымдағы  жылдың яғында халықтың 99,3 пайызы  кең жолақты интернетпен қамтылады деп сендіреді.

Санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы да басталады. Елдегі пандемияға қатысты оқушылар, студенттер қашықтықтан оқиды. Тек бастауыш сынып оқушылары үшін мектептерде кезекші топ ұйымдастырылуда. Интернеттің сапасын оқу басталғанда көреміз. Ал интернеті жоқ ауылдардағы оқушылар мектепке барып оқиды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.