Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АУЫЛДА ЖҰМЫС ЖОҚ

c 16:13, 20/09 c 42

0:00 / 0:00

Соңғы 20 жылда 1404 ауыл жойылып кеткен. Ал үкімет қабылдаған «Ауыл– ел бесігі» бағдарламасы көздеген мақсатына жете алмай отыр. Яғни ауылдықтардың өмір сүру сапасы жақсармаған. Жұмыспен қамту мәселесі шешілмеген. Ауылда жұмыс жоқ дейді сенатор Шайдаров. Ал 2014-2023 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 524 миллиард теңге бөлініп, 1800 ауылда 5 мыңнан астам жобаны жүзеге асырамыз деген жоспар толыққанды оырндалмаған. Сенатордың айтуынша, бағдарламада тұрақты жұмыс орындарын ашу көрсеткіші жоқ, бұл ауылды дамытудың әлемдік тәжірибесіне қайшы келеді. Дүниежүзілік банктің көрсеткішінде Қазақстан көрші елдерден әлдеқайда артта қалып отыр.

Сенатор ауылдардың экономикасы дамымай жатыр. Өмір сүру сапасының төмендеп бара жатқан ауылдар жойылып кету алдында тұр деп дабыл қақты.

Сенат депутаты үкіметке ауылдық елді мекендерде бөлінген несиелер мен бизнес ашу бойынша талдау жүргізудә. Ауылдық өңірлерде экономикалық дамуға және жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашуды және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына кешенді талдау жүргізуді ұсынды. Осылайша үкімет қалған алты мыңнан астам ауылдың жағдайын қамти алмауда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.