Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"ЖАСТАР ҚАЛҚАНЫ - 2025” мәдени шарасы өтті

c 17:23, 21/04 c 2

"ЖАСТАР ҚАЛҚАНЫ - 2025” мәдени шарасы өтті
ГЕОТИТР: ОРАЛ
Ақпараттық-түсіндіру және танымдық бағыттағы «Жастар қалқаны – 2025» жобасы жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар, жоба ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрге деген құрметті қалыптастыруды да басты мақсаттарының бірі ретінде көздейді.Жоба аясында Жоғары аграрлық-техникалық колледжде студенттер арасында өнер байқауы өтті. Іс-шараны ұйымдастырған – Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық, ал жобаны жүзеге асыруға облыстық білім басқармасы қолдау көрсетті.Өнер байқауында колледж студенттері ұлттық дәстүрлерді сахналық қойылымдар арқылы заманауи форматта көрсете білді. Әр команда өз шығармашылығы арқылы ұлттық құндылықтарды кең аудиторияға әсерлі жеткізді.
«Жастар қалқаны – 2025» жобасы – жас буынның ұлттық болмысымызды терең түсініп, өз мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыруға жол ашатын ауқымды жоба. Ұйымдастырушылар осындай тағылымды шараның алдағы уақытта да өтенін айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.