Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

c 18:19, 17/03/2021 c 736

0:00 / 0:00

Бүгін Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Бақытжан Нарымбетов көршілес Ресей мемлекеті Саратов облысының ауыл шарушылығы өндірушілері делегациямен кездесті. Дөңгелек үстел аясында Батыс Қазақстан облысының инвестициялық әлеуеті таныстырылып екі жақты байланысты нығайту бағытында шаралар жоспары пысықталды. Екі жақты байланыс қос облыстың арасындағы қарым-қатынысты нығайтып қана қоймай экономикалық жағынан да тиімді саналады. Өйткені ауыл шаруашылығы саласы тараптарға ортақ сала болуы себепті өңірлер арасындағы байланыс одан әрі  нығайа түспек.Атап өткен жөн Қазақстан мен Ресей мемлекеті арасында тауар айналымы  200 млн. теңгені құраған. Ал өткен жылы пандемияға орай бұл байланыс 3 пайызға төмендепті. Алайда БҚО мен Саратов облысы арасындағы  тауар айналымы 20 пайызға өскен.Түстен кейін БҚО кәсіпкерлер палатасында Саратов облыстарының кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Мұнда сүт, ет және көкөніс өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың, ІТ-технологиялар компанияларының, өрт дабылы мен басқа да қауіпсіздік жүйелерін өндірушілердің өкілдері өз өнімдері туралы айтты. Яғни, Саратов жағымен ынтымақтастық нүктелері бар.  Бұл бағытта қос өңір кәсіпкерлері алдағы уақытта ынтамақтастық орнатуға уағадаласты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.