Облыс орталығында ауылшаруашылығы тауарларының күз мезгіліндегі алғашқы жәрмеңкесі өтеді. Оған өңірдің аудандары мен Орал қаласының ауылшаруашылығы тауарын өндірушілері қатысады деп жоспарланып отыр.Облыс аумағындағы аудан-ауылдардан келген шаруа қожалығының өкілдері қала тұрғындарына өз өнімдерін 10-15 пайызға арзандатып сатуды бүгінде дәстүрге айналдырып отыр. Қалалықтар үшін күзгі жәрмеңкенің орны бөлек. Өйткені "қыстың қамын жаз ойлайтындар" үшін күзгі жәрмеңкеден көкөністерді арзан бағаға сатып алу маңызды.Жәрмеңке таңғы сағат 9-ден бастап бірге дейін өтпек. Бұл шара қазан айына дейін сенбі-жексенбі күндері ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр. Ал базарда бүгінгі таңда көкөністер бағасы арзандады,- дейді сатушылар. Жәрмеңке әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін арнайы ұйымдастырылады. Сондықтан ондағы сатылатын өнім бағасы реттелген.