Биыл еліміздегі ең ірі саяси ұйымдардың бірі – «Ауыл» партиясына 25 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде партия еліміздің түкпір-түкпірінде ауқымды әлеуметтік бастамаларға ұйытқы болып келеді.2024 жылы Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарында алғаш рет студенттік және жастар жасақтарын құру бастамасын қолға алған да – осы «Ауыл» партиясы. Ол кезде бірнеше өңір су тасқынынан зардап шеккен болатын. Студенттер мен еріктілер апат аймақтарында нақты көмек көрсетті.Бұл игі істі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жоғары бағалап, қолдау білдірген еді.Қазір студенттік құрылыс жасақтарының дәстүрі жаңғырып келеді. Орал қаласында өткен салтанатты жиынға жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты. Жастар аймақтағы кәсіпорындармен келісімшартқа отырып, алдағы семестрде еңбекке араласуға мүмкіндік алмақ.Салтанатты іс-шараға арнайы келген — Азаматтық бастамаларды қолдау департаментінің директоры Бағдат Қадыров жастарға сәттілік тілеп, партия атынан жылы лебізін білдірді.Жиын барысында Ұлы Отан соғысының ардагері Константин Леонтьевич Кочережкинге құрмет көрсетіліп, Жеңістің 80 жылдығына орай арнайы сыйлықтар табыс етілді.Мәңгілік ерлік мәңгі есте. Жастар мен ардагерлер Жеңіс мерекесі қарсаңында «Мәңгілік от» монументіне гүл шоқтарын қойып, ерлікке тағзым етті. Осылайша
Ауылдың үні мен елдің үмітін арқалаған жастар бүгін тек еңбекке ғана емес, рухани сабақтастыққа да үлес қосып отыр.