0:00 / 0:00
"Ауыл аманаты" мемлекеттік бағдарламасы аясында облысқа биыл 6,4 млрд теңге бөлінген. Алайда бүгінге дейін республикалық бюджеттен су тасқынының салдарын жою жұмыстарына орай 1 млрд теңге ғана қаражат түскен. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Халиуллин жылдың соңына дейін тиісті сома игеріледі,-дейді."Ауыл аманаты" мемлекеттік бағдарламасы облыс бойынша өткен жылдан бастап жүзеге асты. Аталмыш жоба бойынша былтыр аймақ тұрығындарына 6,4 млрд теңге қаражат бөлініп, 932 несие берілген. Осылайша ауылдағы ағайын кәсібін дөңгелетіп қана қоймай, 1136 жұмыс орнын ашты. Биылғы жылы бұл бағытқа бөлінген қолдау көбейгенімен қаражат төтенше жағдайларды жоюға бағытталып, шаруаларға субсидия кеш беріліп жатқан көрінеді. Осы орайда сала өкілдері қолдауға ие болғандар жоба бойынша жұмысты тек қаражат қолға тиген соң бастауға болатынын айтады. Бұл мәселе тек біздің облысқа ғана емес, Түркістан, Қостанай, Актөбе сынды су басқан аймақтарда да орын алып отырған көрінеді. Биылғы жылы бағдарламаға өзгеріс енгізіліп, қолдау қаржысының 50 пайызы мал шаруашылығына, 50 пайызы кәсіпті жандандыруға бағытталыпты. “AQJAIYQ” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы аталмыш жоба бойынша Бөрлі мен Орал қаласының аумағында сүт өнімдерін өндіретін қос зауыттың бой көтеретінін айтады. Ауыл шаруашылығы еліміз үшін стратегиялық маңызы бар салалардың бірі болғандықтан бұл саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздегі ауылшаруашылық саласы әлі де болса тәуекелі жоғары, табиғи-климаттық жағдайларға тәуелді. Сол себепті сүт белдеуін қалыптастыру үшін зауыт салынып, қала халықына өзіміз өндірген табиғи өнім ұсынылмақшы.
«Ауыл аманаты» жобасы бойынша қайтарылған 270 млн теңгеге де несие беріліпті.