0:00 / 0:00
БҚО Ақжайық ауданында ағайынды Қоспаевтар бір ауылдың көшесін жарықтандыру ісін қолға алған. Нақтырақ айтсақ, осы ауданға қарасты Бударин ауылында бұрын-соңды көшеде шамдар болмапты. Ауыл тұрғындарының қараңғы түскен мезетте жүрісі қиындап, бала - шағаның берекесі кететін-ді. Енді ондай қиындық болмайды, қазір ауыл көшесінің кіреберіс беті мен орталық көшеге тиісті шам бағаналары орнатылып үлгерген. Бұл Ақжайық ауданына қарайтын Бударин ауылы. Қалмурзиева Марзиа апай осы ауылдың ежелгі тұрғыны. Ғұмырының 35 жылын бала оқытуға арнаған жан. Қазір енді өзі қызмет еткен мектепке немересін әкеліп жүр.
"Ауыл бұрынғымен салыстрығанда көркейіп, жағдайымыз жақсарып келеді",- дейді Марзия апай.
Қазір ауылда 1600 - ден астам адам тұрады.Ауылда әлеуметтік нысандардың бәрі жұмыс жасап тұр. Ауылға керек дүние көшелердің жарықтандырылуы болатын. Қазір ол сұрақ та күн тәртібінен түскелі тұр, себебі ауылдың көркеюіне осы ауылдан шыққан ағайынды кәсіпкерлер қол ұштарын беріп жатыр. Атап айтсақ ауылға жарық тартып жатыр, қазір жарық бағаналары орнатылып қойған, әне - міне іске қосылады деп отыр. Бұдан бөлек те ауылда кәсіпкер азаматтардың қолдауымен жасалған жұмыстар легі жетерлік.
Қай ауылдың да сәнін келтіретін ол қазыналы қарттары. Бұл орайда Бударин ауылы құр алақан емес. Ауылдың мәдениет үйінде әжелер ансамблі жұмыс жасап тұр. Ансамбльге 10 жыл биыл, көз алдарында көркейіп келе жатқан ауылдан үлкен кісілердің көшкісі жоқ.
Қазір әжелер ансамблі өздерінің 10 жылдық мерейтойларына дайындықты бастап кеткен. Дайындық жұмыстары мәдениет үйінде күнде жүреді.
Тірлігі қайнап, бірлігі жарасып тұрған ауылдардың бірі Алғабас ауылы.Осы ауылда да Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасы шеңберінде ауыл тұрғындары мектепке қажетті барлық заттарды сатып алып берген. Қазір солардың қызығын Алғабас орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдері көріп отыр.
Туған жердің қадірін түсініп, оның көркеюіне үлес қосып отырған азаматтардың арқасында Алғабас ауылында осы ойын алаңы салынған.
Алғабас ауылы негізінен мал шаруашылығын дамытып отырған ауыл. Бұл ауылда 70 шаруа қожалығы жұмыстанып келеді. Сол кәсіпкерлердің шапағаты тиіп отыр,- дейді ауыл әкімі. Ауылдағы саябақтың көлемін де осы кәсіпкерлердің арқасында кеңейткен.
Қазір бұл саябақтың қоршауы жаңартылған. Енді бұл жерге қажетті ағаштар отырғызылып, алда үлкен демалыс орталығына айналдыру жоспарда бар.