0:00 / 0:00
25-шілдеде БҚО-да ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді. "Әкім боламын"- деген кандидаттарды тіркеу 14-шілдеде аяқталмақ. Қазіргі таңда 93 адам тіркелген. 40 адамды алты саяси партия ұсынып отырса, 53 азамат өзін-өзі ұсынып, саяси додаға қатыспақ.
Биыл ауыл тұрғындары әкімдерін өздері сайлайды. Облыстағы саяси науқан 25-шілдеде ұйымдастырылмақ. Алғаш 31 ауылдың тұрғыны сайлауға түскен кандидаттарға дауыс беру арқылы әкімдерін анықтайды. Қазіргі таңда алдағы сайлауға 93 адам тіркелген. Саяси партияның өкілдері 40 кандидантты додаға қосса, 53 адам өзін-өзі ұсынып отыр.
Бөрлі ауданында ауыл әкімдерінің үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру үшін 13 млн. теңгеден астам қаражат бөлінген. Қазіргі таңда осы ауданда 17 кандидат сайлауға қатысу үшін өтініш білдірген. Бөрлі ауылында 3 сайлау учаскесі болмақ.
Ал, Теректі ауданына қарасты Подстепный ауылы сайлаушылардың саны бойынша көш бастап тұр. Мұнда 6671 адам бар. Тіркелген кандидаттардың 5-уі мемлекеттік қызметкер, 3-еуі бұрынғы әкім, үш азамат бюджет саласында қызмет жасаса, бір кандидант коммерция бағытында жұмыс істеген. Сайлау әкімдердің қызметтік мерзімі аяқталған кезде жыл соңына дейін ұйымдастырылмақ.