0:00 / 0:00
Соңғы аптада, яғни 12-18 наурыз аралағындағы аурушаңдық деңгейі 5-11 наурыз аралығындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,4 пайызға, яғни 405-тен 411-ге өскен. Бұл туралы бүгін, 19 наурыз күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тақырыбындағы брифингте өңірдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев мәлім етті. Эпидемиолог мамандар анықтағандай, үй жағдайында қарым-қатынас арқылы инфекцияны жұқтыру деңгейі жоғары болып тұр. Сондай-ақ қоғамдық көліктерде, адамдар көп жиналатын орындарда, көпшілік шаралардың ұйымдастырылуы кезінде, медициналық ұйымдарда болған науқастардың арасында, жұмыста санитарлық талаптардың сақталмауынан инфекцияның таралуы төмендемей отыр. Өзге елден келген азаматтардың арасында да аурушаңдық тіркелген. Осы орайда карантиндік шектеу шаралары 20 наурыздан бастап күшейтілетін болады. Облыста наурызда коронавирус жұқтырғандар саны 1 мыңнан асты. Кеше аймақ бойынша коронавирус жұқтырған 81 адам тіркелген. Айта кетейік, коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 19 наурыздағы мәліметіне сәйкес, Батыс Қазақстан облысы қайтадан «қызыл» аймаққа енді.