0:00 / 0:00
Дәрігер қауымы бір ауыздан соңғы жылдары жастар мен жасөспірімдер арасында асқазан мен ішектегі ойық жаралар жасарып бара жатыр,- дейді. Қазіргі таңда, аталмыш кесел сырқаттардың үштігіне ілеккен. Ал тыныс алу жолдары мен жүрек-қан тамырлары сырқаты көш бастап тұр. Сала мамандары мектеп жасындағы бүлдіршіндер арасында гастрит дерті белең алуда,- дейді.
Дәрігерлер қауымы баланың жастайынан асқазаны сыр беріп, түрлі кеселге шалдығуына басты себеп - дұрыс тамақтанбау,- дейді. Әрине, мектеп қабырғасында көптеп-көлемдеп фастфуд өнімдерін саудалауға тыйым салынып, ас мәзірі бекітілді. Ыстық тамақпен тек, 1-4 сынып аралығындағы оқушылар қамтылып отыр. Десек те, педагогтар мен дәрігерлер қауымы бірлесе отырып дұрыс тамақтану үрдісін барынша насихаттағанымен білім ошақтарының қасында бой түзеген дүкендерде түрлі химиялық қоспаға бай фастфуд өнімдері емін-еркін саудаланатыны баршаға мәлім. Жарнамасы қызыл-жасылды болған химиялық өнімді бала сатып алуға әуес. Сондай-ақ, ата-аналар қауымы да тысқа шығып баламен серуендеген кезде де түрлі шетелден келген өнімді сатып алып, тамақтандыратынын жасыра алмаймыз.
Сала мамандары келтірген цифрлар азаю үшін бұл індетпен қоғам болып күресу қажет. Себебі, ел ертеңі бүгінгі оқушы. Олардың дені сау болып, жан-жақты тұлға болып қалыптасуы үшін тынбай еңбектену қажет.