0:00 / 0:00
Облыс орталығында орналасқан жер учаскілері аукционға шығарылды. Орал қаласы мен Круглоозерное кентінде орналасқан жер учаскілерінің аукционы басталды. Аукционға 5 жер телімі қойылған. Жер телімдерінің ішінде аумағы жағынан ең аз деп танылған жер телімі 3млн 4000 теңгеге саудаланды.Бұл жер телімінің бастапқы бағасы 1000 теңгеден басталған еді. Ағылшын әдіс бойынша жүзеге асқан аукцион барысында қатысушылар шаһар орталығында орын тепкен жер телімі үшін біраз таласты. 3 млн теңгеден астам қаражатты талап еткен жер телімі Еуразия даңғылы 246/ 1 мекен жайында орналасқан еді.