Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АУҒАНСТАНДАҒЫ ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚТАР ЕЛГЕ ӘКЕЛІНЕ МЕ?

c 09:53, 20/08/2021 c 936

0:00 / 0:00

Ауғанстандағы этникалық қазақтар ата жұртына келуге сұранып отыр. Ауғанда орын алған жағдайға қатысты, қандастарымыздың ел билігінен көмек сұраған бейнежазбасы әлеуметтік желіде тез тарады. Осыған орай сыртқы істер министрлігі брифинг өткізіп, Ауғанстандағы қазақтар мәселесі Президенттің тапсырмасы бойынша қарастырылп жатқанын хабарлады. Министрлік өкілінің айтуынша, Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігіне өзін қазақпын деп келіп, біздің елег сұранып жатқандар көп. Бірақ олар қазақша білмейді, ру-тайпалық байланыстары туралы айта алмайды. Өздеріңізге мәлім, Ауғанстанды «Талибан» қозғалысының содырлары басып алған болатын. Президенті Ашраф Ғани отбасымен елінен кеткенді. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі «Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің инклюзивті және өкілдік үкімет құру, ұлттық азшылықтар мен әйелдердің құқықтарын құрметтеу, басқа мемлекеттерге қауіп төндіретін топтардың болуына жол бермеу, халықаралық құқықты сақтау туралы мәлімдемесін қолдаймыз. Осы ережелерді орындау Ауғанстанның жаңа билігімен диалогты бастау үшін қажетті шарт болуы тиіс»,-деген мәлімдемесін таратты.

Ауған халқының бүгінгі жағдайы жиырма жыл бұрынғы кезеңді қайта еске салды. Тәліптер билік ете бастаған елден халқы қашып жатыр. «Талибан» қозғалысының басшылары болса, барлық елмен байланысты үзбейміз, ауған басшысымен диалогқа дайынбыз және оларды қорғаймыз деп мәлімдегенді. Алайда, қара халықта сенім аз. Бас сауғалап қашып жатқандар өте көп. Қазақстанға да ауған босқындары келеді деген ақпарат тарағанды. Әзірге ел билігі бұл хабарды жоққа шығарып отыр. Дегенмен, Ауғанстандағы этникалық қазақтардың өтінішін қабылдауға тура келетін сияқты. Ол елдегі қандастарымыз қазақ билігінен көмек сұраған бейнежазба әлеуметтік желіде тез тарады.

Өз кезегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы қазақтарды тарихи отанына қайтаруға көмек көрсетуді тапсырды. Ауғанстан аумағында 15-ке жуық этникалық қазақтардың отбасы тұрады. Нақтырақ айтсақ, 200-дей қазақ бар. Алайда, ол елдегі елшілікке өзін қазақпын деп келіп жатқандар көбейіп кеткен. Бірақ қазақша білмейді, руын да айта алмай отыр  дейді министрлік өкілі. Сондықтан, олардың қазақ екенін дәлелдеп, тексеру жұмыстары жүргізілмек.

Ал  кеше кешкісін Алматы қаласына 25 Қазақстан азаматы жеткізілді. Жалпы қазақстандық әскери ұшақпен 42 адам Ауғанстаннан шығарылды. Оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Литва азаматтары бар.

Қазір ауғаныстандағы Қазақстан елшілігінде 10 қызметкер қалып, қызметін жалғастырып жатыр. Олардың қауіпсіздігі толық қамтылған дейді ресми өкіл. Ал «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» таратқан ақпарқа сәйкес, Қазақстандық әуекомпанияларға Ауғанстан аумағы арқылы ұшуға тыйым салынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.