0:00 / 0:00
«Орал» халықаралық әуежайына Кеңес одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру ұсынылды.Бұл мәселе бүгін облыстық мәслихаттың 7-сессиясында қаралып, депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Аумақта 3700 мың шаруашылыққа қажетті жер учаскесі игерілмей отыр. Тиісті шешім қабылданды. «Енді ұсыныс ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданатын болады». Сессияда бюджет қаржысына енгізілген өзгерістер туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Тлепберген Каюпов мәлімдеді. Атап айтқанда әлеуметтік салаға 3,2 млрд, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғауға 3 млрд. тұрғын үй шаруашылығы үшін 1,8 млрд. теңге бағытталған. Ал көлік инфрақұрылымына 523,5 млн теңге бөлініп отыр. Сессияда көтерілген мәселелердің бірі-өңірде тұрғын үй сертификатына бөлінген қаражат толықтай игерілмеуі. Осы орайда облыс әкімі Ғали Есқалев тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімдері мен аудан әкімдері және отбасы банкіне нақты тапсырмалар бергенін мәлім етті. Осы орайда халықтың тұрғын үй мәселесін шешуге бөлінетін қаражат алдағы жылы да көбейетін болады. Бұдан бөлек депутаттар аудандардағы жол мәселесі мен әлеуметтік нысандар салу жоспары және көлік инфрақұрылым саласындағы мемлекеттік сатып алу жәйі туралы мәселелерге тоқталды.