Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әуежай терминалының жобасы жасақталуда

c 16:51, 20/01/2020 c 552

0:00 / 0:00

БҚО әкімі Ғали Есқалиев күрделі жөндеуге жабылған Орал халықаралық әуежайы терминалының жағдайымен танысты. Өткен жылы әуежай терминалы күрделі жөндеуге жабылған болатын. Жобалық сметалық жұмыстарды қабылдамастан бұрын эскиздеу барысында терминалдың іргетасы мен өзге бөліктерінің тозығы жеткендігі анықталып отыр. Содан кейін, жобалау жұмыстарына жауапты мердігер компания ауысып, ендігі жұмыстарды жергілікті мамандар қолға алып отыр.

Кеңес дәуірінде авиция саласында қызмет жасаған Оралдың әуежай терминалы өткен жылы күрделі жөндеуге жағылған болатын. Содан бері терминалдың жобалау жұмыстары басталған-ды. Алайда, сала мамандары ғимараттың кейбір бөліктерінде олқылықтарды анықтапты.

Қазіргі таңда жергілікті компания терминалдың эскизін жасауды қолға алған. Сала мамандары жаңа жоба бұрынғы нұсқадан көп айырмашылығы болмайды деп отыр. Жоба бойынша ғимарат әйнекпен қапталып, каркасы метальдан жабдықталатын көрінеді.

Терминалдың жобалауымен танысқан облыс әкімі мамандарға абаттандыру мәселесіне көңіл аударуды тапсырды. Жобаның құны бөлінген 2,4 млрд теңгеден аспайтын көрінеді. Алайда, жобалық-сметалық құжат мемлекеттік сараптамадан өтіп, бекітілгесін терминалдың нақты құны белгілі болмақ. Жергілікті компания өкілдері құрылысты уақытылы 2021 аяқтаймыз деп отыр.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.