0:00 / 0:00
«Орал» халықаралық әуежайының әуеайлағындағы ұшу-қону жолағында деформациялық жіктерді жөндеу 13 тамызда басталған. Бірінші кезеңде әуежайдың жұмыс күші жіктерді тазаласа, енді мердігер мекеме қызметкерлері герметизациялауға кіріскен. Жоспар бойынша қолданыстағы ұшу-қону жолағында 17 мың метрден астам қысу тігісі жөнделмек.
АЛЕКСАНДР НОВОСЕЛОВ
«ОРАЛ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ӘУЕАЙЛАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ
Мамандардың айтуынша, жұмыстың технологиясы мен сапасы қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне толық сәйкес келеді. Барлық пайдаланылатын материалдар сәйкестік сертификатына ие және әуеайлақтарды пайдалану, ағымдағы жөндеуге арналған материалдар тізбесіне енгізілген.
БЕРІК ЖАМАНСАРИЕВ
«ОРАЛ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ӘУЕАЙЛАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС ИНЖЕНЕРІ
Деформациялық жіктерді жөндеу жұмыстары қыркүйектің аяғына дейін жалғасады. Жұмыстар терезе қағидасымен жүргізілуіне байланысты рейстердің қозғалысына ешқандай кедергі жоқ.