0:00 / 0:00
Үкімет қазына қаржысының жұмсалу барысын бақылауды күшейту үшін, аудит қызметін дамытпақ. Өткен жылы ішкі мемлекеттік аудит комитеті 245 млрд теңге сомасында қаржылық бұзушылық жағдайын анықтап, бұл көрсеткіш қаржылық бұзушылықтар жалпы сомасының 39 пайызын құрады. Бұл мәселе бүгін Парламентте өткен үкімет сағатында талықланды. Үкімет басшысының орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, жүргізілген талдау нәтижесі бойынша қаржылық бұзушылықтардың негізгі көлемі бухгалтерлік есептілікті жүргізу тәртібіне, жоспарлау мен басқа да шығыстарды пайдалану кезінде бюджеттік қаржыны асыра көрсетуге, квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін басқаруға байланысты болып отыр.
Бюджет қаражатын жұмсау барысын май шаммен қарайтын аудитордардың жұмысы автоматтандырылғанан бері, қаржылық заң бұзушылықтар 4 есеге төмендеген. Яғни 1,9 трлн теңгеден 478 млрд теңгеге дейін азайған. Енді бұл жұмыс жалғасын таппақ. Мәжілісмендер ұлттық ресурстарды басқаруды жетілдіруге бағытталған мемлекеттік аудит саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талқылады. Әрине қазына қаржысын жұмсаудағы заңсыздықтарға көз жұмып, парақорлыққа жол беретін аудиторлар да жоқ емес. 2017-2019 жылдар аралығында 16 аудитор мен қосалқы бөлімнің бір қызметкері қамауға алынып, сотталды. Сыбайласжемқорлықтыңнегізгісебебі - аудитордыңтексеретіннысанментікелейбайланысжасауы. Сондықтан бұл жұмысты толық автоматтандыру арқылы, жемқорлықтың жолын кесеміз деп отыр қаржы министрі. Депутаттар болса, аудиторлардың жауапкершілігін күшейтуді сұрады.
Вице-премьердің мәліметінше, соңғы екі жылда аудит саласы қызметкерлердінің 40 пайызы жұмысынан кеткен. Себебі – жалақы төмен. Жалақының аздығы да оларды жемқорлыққа итермелейді. Бір өкініштісі, білікті кадрлар жұмыстан кетіп жатыр дейді Смайылов. Мемлекеттік аудиторлардың орташа жалақысы - 120 мың теңге, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде – 150 мың теңге, ревизиялық комиссияда – 180 мың теңге, есеп комитетінде істейтіндер – 250 мың теңге алады.