0:00 / 0:00
Қазір олар осыған дейін мекен-тұрағы жоқ жандарға арналған уақытша бейімдеу орталығына жайғасқан қандастарының қасына орналастырылды. Естеріңізге саламыз, Сырым ауданында 6-сәуір күні жан түршілгерлік ауқымды жол апаты тіркелген болатын. Оқиға кезінде белгісіз себептермен көпірден жерге құлаған автобус ішіндегі 4 адам мерт болса, ауыр жарақат алғандары облыстық, аудандық аурханаларға жеткізілген болатын. Жеңіл зардап шегіп, аяқтарынан тік жүргендерінің барар жер, басар таулары қалмағандықтан бейімдеу орталығынан орын берілді. Ал бүгін ауылда қалып, ем алғандары да осы мекемеге жеткізіліп отыр. Оларды тасымалдауға Шымкенттен арнайы көлік келіпті. БҚО әкімдігінің баспасөз хатшысының айтуынша, Өзбекстандықтар өз қалауларынша еліне және Мәскеуге арнайы көлікпен жеткізіледі. Және о дүниелік болғандардың денесі де туғандарына табысталып, ешкім далада қалмайды. Айта кетейік, жүргізуші көлік жүргізу құқынынан айрыла тұра тізгінге отырған болып шықты. Аққтөбе облысының ІІд берген мәліметке сүйенсек, тіпті ол есірткі тұтынғаны үшін жазаланғаны белгілі болып отыр. Қазіргі таңда 13 азамат облыстық ауруханада ем қабылдауда. Ал қалғандары жолға шығар уақытты күтіп отыр. Бейімдеу орталығына жайғасқан азаматтар мен Сырым аудандық ауруханасында ем қабылдап жатқан жүргізушіні тәртіп сақшылары қатаң бақылауға алған.