Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ауданда алаяқтық қылмыс көбейген

c 18:06, 25/02/2021 c 798

0:00 / 0:00

Тасқала ауданында қылмыстық ахуал тұрақты. Дегенмен де жергілікті полиция бөлімшелеріне қызметтік көліктер жетіспейді. Бұл туралы бүгін аудандық полиция бөлімінің бастығы Нүркен Шамғалиев мәлімдеді.Халқының 60 пайызы өзге аудандардан көшіп келгендер болуы себепті бүгінде облыс орталығынан 80 шақырым қашықтықта жатқан Тасқалада ұсақ құқық бұзушылықтар жиі тіркеледі. БҚО полиция департаментінің бірінші орынбасары Жанболат Жаншин бастаған топ өткен жылда орын алған заң бұзушылық деректерді саралап өтті. Бүгінде ауданда ауыр қылмыстардың ашылу көрсеткіші 8,5 пайызға дейін өскен. Соған қарамастан ауданға қатысты 9 округте қызметтік көліктер жетіспеушілігі де байқалады. Бұл мәселені ауыл тұрғындары да атап өтті. Өткен жылы ауданда 25 ауыр, бір аса ауыр қылмыс орын алса, бұл фактілер заңға енгізілген өзгерістерге байланысты деректермен ауысқан. Сонымен қатар аудан көршілес Ресей мемлекетімен шекаралас орналасуы себепті есірткі бизнесі мен контрабандалық заң бұзушылықтар жиі тіркеледі. Өткен жылы осы бағыттағы 10 қылмыстық факті анықталып, іс сотқа жіберілген. Қылмыстың ашылуы 92%. Және бұл құқық бұзушылықтарды өзге ел азаматтарының жасағаны анықталып отыр. Сонымен қатар, карантиндік шектеулерге, отбасылық кикілжіңге байланысты 82 арыз-шағым түсіп, тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтардың алдын-алу шараларын ұйымдастырған. Мәселен, облыс орталығынан қашық аудандарда мал ұрлығы өршіп тұр. Осы мәселені шешу жолында заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Тасқалада да өрісте қараусыз жүрген төрт түлікті қорғау мақсатында биыл арнайы бақташылық қағидасын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдерімен жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.