Синоптиктердің жорамалына сенсек, 1-қыркүйекте күндізгі уақытта 32 градусқа дейін жылы температура сақталады деп күтілуде. Сондықтан алғашқы қоңырау салтанатының жоспар бойынша өтуіне ауа райы еш кедергісін келтірмейді. Оқушылар мен ұстаздар салтанатқа сай жеңіл киімдерін кие алады. Тек 3-4 күннен соң облыстың кей аймақтарында жауын болуы мүмкін деп болжайды Қазгидромет мамандары. Жалпы тәжірибеге көз жүгіртетін болсақ, күздің ең жылы алғашқы күні 1956-жылы 35 градуспен тіркеліпті. 1-қыркүйектегі ең салқын күн 1976-жылы сынап бағанасының 0-ге дейін төмендеуімен орын алған.