Шаһарымыздың аумағында қазан-қараша айларында 5 үйді тонаған 38 жасар баукеспе құрықталды. Күдікті Атырау облысының тумасы көрінеді. Тергеу жұмыстары барысында тұтқындалған қылмыскер ауыр қылмысы үшін бұрын сотталғаны белгілі болды. Баукеспе көбіне-көп күндізгі сағат 12лер мен 14тер шамасында пәтерлерді тонапты. Қылмыскер қолды қылған бағалы дүниелерін ломбардтарға өткізіп, пайда тапқан. Қазіргі таңда, қала тұрғындарының бағалы дүниесін қолды қылған азаматқа қатысты ҚР ҚҚ 188 бабының екінші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері Атыраулық баукеспенің келтірген шығынын 2 миллион теңге деп бағалап отыр.