Орал мен Атырау арасында қатынайтын жолаушы автобусының тағы бір рейсі ашылды. Екінші автобус кешкі жетіде жолға шығады. Пандемия басталған кезде автовокзал өз жұмысын тоқтатып, араға бір жыл салып, рейстерін қайта жандандырды. "Эпидемияның кесірінен автовокзалға 523 млн. теңге көлемінде залал келді",- дейді басшылық. Қазіргі таңда Оралдан Атырауға, Ақтөбеге қатынауға болады. Вирустың кесірінен бұрын байланыс үзілмеген Ресейдің қалаларына рейс ашу мүмкін болмай отыр. Автовокзал өкілдері атқарушы биліктен көмек сұрауда. "Егер мемлекет қол ұшын созбаса, жақында тақырға отырып, банкротқа ұшырауымыз мүмкін",- дейді олар.