Атыраудан Оралға 10 қапшық балықты тасымалдамақ болған азаматтың жолы кесілді. "Бекіре" жедел профилактикалық шарасы аясында БҚО жол партульдік полициясының инспекторлары 11 сәуір күні таңғы 6:00 дер шамасында күдікті автокөлікті тоқтатып тексере бастайды.Тексеріс барысында автокөлік салонында 10 қап балық бары анықталады.Өкінішке орай балықты алып келе жатқан азаматтың оны тасымалдауға ешқандай рұқсат қағаздары болмай шығады.Осылайша заңсыз балық тасымалының жолы кесіліп, іс Бәйтерек ауданының полиция бөліміне жолданған.Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр деп мәлімдеді полиция өкілдері.Азамат балықты қайдан алғаның, қалай алғаны жөнінде журанлистерге ештене айтпады.Белгілісі ол балықты Атыраудан алып шыққан.Кезекші бөліммен үлкен шаған маңайында Атырау -Орал тас жолында ұсталған.