Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аты шулы іс Орал қалалық сотта қаралды

c 18:04, 24/09/2019 c 942

0:00 / 0:00

Орал қалалық сотының қабырғасында қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бұрынғы бірінші орынбасары Бекболат Төремұратовтың ісіне қатысты даулы іс басталды. Айыпталушылардың арасында мердігер ұйымның директоры және «Мемлекеттіксараптама» РМК сарапшысы да бар. Жаза басқандарға Оралдағы тергеу изоляторының құрылысына бөлінген бюджетті жымқырды, - деп айып тағылып отыр. «Бура Строй» ЖШС-нің бұрынғы директоры Сергей Барабошконың бір өзі ғана қамауға алынған. Сотталушы аталған Барабошконы сот залына қолына кісен салып, айдауылмен әкелді. Ал, қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің экс-бірінші орынбасары Бекболат Төремұратов пен «Мемлекеттіксараптама» РМК-ның сарапшысы бостандықта жүр. Айыптау актісінде:"Айыпталушылар Орал қаласының тергеу изоляторының құрылысына деп бөлінген 1,5 миллиард теңгені талан-таражға салды",- деп көрсетілген. Жобаның жалпы сомасы -10 миллиард теңгені алқымдайды. Сот залыннан шыққан айыпталушылардың қорғаушылары: "Тергеу заң бұзушылықтармен өтті ", - деген пікірде. Прокуратура өкілдері болса, айыптау актісін заңға сәйкес келтіретіндерін айтап өтті. Заң алдында жауапкершілікке тартушылар Төремұратовқа ісіне немқұрайлылық көрсетті деген айыбы тағылса, Барабошкоға алаяқтық, ал Серғазинге сараптамалық жұмыстарды тиісінше орындамағаны үшін деген кінә тағылып отыр.

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.